Құрметті Шымкент қаласының әлеуметтік желі қолданушылары!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес (бұдан әрі – Ішкі талдау), Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ағымдағы жылдың 12 мамырдан бастап Ішкі талдау жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 22–23 маусым аралығында өткізілетін болады.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса және құқық бұзушылықтардың нақты фактілері болса осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс нөмірлері: +7 (700) 146-98-56, +7 (7252) 55-13-36
Эл. почта: Smpshimkent@mail.ru






